15
мамыр
2019
Спорт- денсаулық кепілі
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер біздің бөбекжай-бақшасында атқарылып келеді. Мекме бастығы ұйымдастыруымен спорттық алаңда мекеме қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір-екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей!


