"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті » №1 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№1 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-33-46
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
13
июнь
2019

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 107 қаулысымен бекiтiлген

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

    1. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 8 мамырда № 10981 тіркелген) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Жамбыл облысының барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
    2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
    3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата анасының бірі немесе заңды өкілі арасында жасалған шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау немесе стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
    Ескерту. 3 – тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 25.01.2018 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

    4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынуы болып табылады.
    Ескерту. 4 - тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 25.01.2018 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
    5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
    1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау, тіркеу – 10 минуттан аспайды;
    2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау және қол қою – 15 минуттан аспайды;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру – 5 минуттан аспайды.
    6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
    1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);
    2) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау;
    3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру.
    Ескерту. 6 – тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 25.01.2018 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

    7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
    8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына жолдайды – 10 минут ішінде;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және қол қояды – 15 минут ішінде;
    3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді – 5 минут ішінде.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

    9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету қарастырылмаған.
    10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесіне ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
    11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс–қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб – порталында www.e.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


 "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды
қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"

     


Шартты белгілер:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив